Теннистен US Open чемпионаты биыл көрерменсіз өтеді
Теннистен US Open додасы биыл көрерменсіз өтеді. Бұл туралы турнирді ұйымдастырушылар мен Нью-Йорк губернаторы хабарлады.
Турнирдің өту уақыты өзгермейді. Теннис бәсекесі 31 тамыз бен 13 қыркүйек аралығына жоспарланған.
"USTA ойыншылар мен олардың командаларын қорғау үшін барлық талаптарды мойнына алады. Тестілеу жоғары деңгейде жүргізіліп, тазалық жұмыстарына басымдық беріледі", - делінген хабарламада.
Биылғы US Open турниріне танымал теннис жұлдыздары қатыспауы мүмкін.