«Сарыарқа» ширек финалдағы бәсекені жеңіспен бастады
Жоғары хоккей лигасының ширек финалындағы алғашқы матчта қарағандылық «Сарыарқа» краснодарлық «Кубань» командасынан басым түсті.
Қарағандыда өткен ойын 5:3 (2:1, 3:0, 0:2) есебімен айдын иелерінің жеңісімен аяқталды. «Сарыарқа» сапынан Михал Махо, Виталий Ааб, Александр Федосеев, Роберт Макмиллан және Якуб Гашпарович мергендік танытты. Ал қонақтардан Евгений Дубровин мен Александр Журун екі мәрте көзге түсті.
«Сарыарқа» сериядағы алғашқы ойында жеңіске жетті. Кездесу төрт жеңіске дейін созылады. Екінші ойын, бүгін, 19 наурызда Қарағандыда өтеді.