Футболдан Қазақстан Чемпионатының қашан жалғасатыны талқыланды

Қазақстан кәсіпқой футбол лигасы отандық клубтардың басшыларымен бейнеконференция өткізді.

Жиынның басты тақырыбы – OLIMPBET-футболдан Қазақстан Чемпионатының, Бірінші және Екінші лигалардың және Қазақстан Республикасының Кубогының ойындарын өткізу. Клубтарға елде орын алған эпидемиологиялық жағдайға байланысты жасалған арнайы жоспар ұсынылды.

Аталған шаралар қәзіргі уақыттағы карантин барысында және ойындар кезінде коронавирус инфекциясының таралуының алдын алу Протоколын қатаңдату шарттарымен ойластырылған.   

Клуб басшыларына OLIMPBET-футболдан Қазақстан Чемпионатының бірнеше турын бір қалада өткізуге ұсыныс жасалды. Чемпионатты жалғастыруға арнайы Комиссиямен қарастырылған бір вариант – ол Алматы және Талғар қалаларындағы тексеруден өткен 4 стадионды пайдалану. Орталық және «Жас Қыран» стадиондарына жарысты өткізуге рұқсат берілгені белгілі. Ал Т. Сегізбаев атындағы аренада және Ұлттық құрамалар Базасында бірқатар кемшіліктер бар. Егер аталған кемшіліктер жойылса бұл стадиондарға OLIMPBET-футболдан Қазақстан Чемпионатының кездесулерін өткізуге рұқсат берілуі мүмкін.  

Бірінші лига командалары арасындағы Біріншілікті екі конференцияға бөліп, тек қана бір айналым өткізу ұсынылды. Бұл лиганың кездесулерін де бір локацияда өткізу жоспарлануда, аталған орын кейін белгілі болады. Екінші лига командалары арасындағы Біріншілікке қатысты Қазақстан футбол федерациясының (ҚФФ) тарапына мемлекеттік органдардан елде орын алған жағдайға байланысты кәмелетке толмаған ойыншылардың қатысуымен өтетін барлық жарыстардан бас тартуға ұсыныс жасалды.

Бірақ ҚФФ және ҚКФЛ бұл турнирді эпидемиологиялық жағдайдың орнығуымен шектелген уақыт ішінде өткізу жолдарын ойластырып отыр.

Қазіргі уақытта аталған турнирді өткізбеуге нақты шешім қабылданбағаны анық.

Қазақстан Кубогын өткізу жолдары OLIMPBET-футболдан Қазақстан Чемпионаты жалғасқаннан кейін қарастырылады.

Аталған жоспарлар Қазақстан Республикасының Мәдениет және спорт және Денсаулық сақтау министрліктерімен міндетті түрде келісіледі. Барлық жарыстар коронавирус инфекциясының таралуының алдын алу Мемлекеттік комиссияның рұқсатымен ғана өткізіледі.


ҚФФ

Танымал жаңалықтар

Соңғы жаңалықтар

  • Жаңалықтар
Мария Дмитриенко Париж Олимпиадасының жолдамасын жеңіп алды
  • Жаңалықтар
  • Күрес
Ержет Жарлықасын - Азия чемпионы
  • Жаңалықтар
Азия Жамбы Ату федерациясының алғашқы конференциясы өтті
Тоқтарбек Айдарбек сурдо дзюдодан әлем чемпионы атанды
  • Жаңалықтар
Астанада жастар арасындағы Азия чемпионаты өтеді
  • Жаңалықтар
Түркістанда сурдо дзюдодан әлем чемпионаты басталды
  • Жаңалықтар
  • Күрес
Азамат Дәулетбеков үш дүркін Азия чемпионы атанды
Ризабек Айтмұхан - Азия чемпионатының күміс жүлдегері
Арқaн тартыстан тұңғыш ел чемпионаты аяқталды
  • Жаңалықтар
  • Футбол
QFL атауы ҚКФЛ-ды ауыстырады: отандық футболда қандай өзгерістер болады?
  • Жаңалықтар
  • Футбол
Қостанайлық «Тобыл» Қазақстан Суперкубогының иегері
  • Жаңалықтар
Астана қаласында V дүниежүзілік көшпенділер ойындарына іріктеу жарысының орталық аймақтық кезеңі өтті
  • Жаңалықтар
Александр Бублик АТР 250 турнирінің жеңімпазы болды
  • Жаңалықтар
  • Бокс
Қазақстан бокс федерациясына жаңа басшы сайланды
  • Жаңалықтар
Елімізде «Арқан Тартыс» федерациясы жұмысын бастады
  • Жаңалықтар
  • Футбол
Италия Суперкубогының ойындары «Qazsport» телеарнасының тікелей эфирінде
  • Жаңалықтар
Елена Рыбакина WTA 500 турнирінің жартылай финалына жолдама алды
  • Жаңалықтар
Түркістан облысы көш бастады: ұлттық спорт бойынша аймақтардың рейтингі шықты
  • Жаңалықтар
Рапид және Блицтен Әлем Чемпионаты
  • Жаңалықтар
Алматыда дзюдодан халықаралық «Jenys Cup» турнирі өтеді