Халықаралық Олимпиада комитетінің жаңа вице-президенттері тағайындалды
Халықаралық Олимпиада комитетінің 136-сессиясында ұйымның жаңа вице-президенттері тағайындалды.
Олимпиадалық қозғалыстағы маңызды лауазымдардың бірін Австралия Олимпиада комитетінің президенті Джон Коутс иеленді. Ол координациялық комиссиясының да басшысы саналады.
Сондай-ақ, Сингапур өкілі Сер Мианг Нг да вице-президенттік қызметке келді. Олар Угур Эрденер мен Хуан-Антонио Самаранчты алмастырған.
ХОК кеңесіне Микаэла Кожуанко Яворски (Филиппин) мен Херардо Вертхайн (Аргентина) да сайланғанын айта кеткен жөн.
Аталған жиын видеоформатта өткізілді.