UCI 2021 жылға арналған күнтізбені жария етті
Халықаралық велосипедшілер одағы (UCI) 2021 жылға арналған маусым күнтізбесін бекітті.
Жылдың үш негізгі Гранд-туры саналатын бәсекелердің өтетін мерзімі төмендегідей:
8-30 мамыр: «Джиро д’Италия»;
26 маусым-18 шілде: «Тур де Франс»;
14 тамыз-5 қыркүйек: «Вуэльта».
2021 жылғы маусым 19 қаңтар күні Австралияда басталады. Келесі жылды Қытайдағы Гуанси бәсекесі қорытындылап тұр.
Ұйымдастырушылар Токио Олимпиадасына байланысты «Тур де Франс» додасының өткізілу мерзіміне өзгеріс енгізген.