Жақсылық Үшкемпіровпен қоштасу рәсімі жабық жағдайда өтеді
Жақсылық Үшкемпіровтің отбасы қайғысымен бөлісіп, көңіл білдірген жандардың барлығына, сондай-ақ қоштасу рәсіміне қатысты алаңдаушылық танытқандарға да өз ризашылығын білдірді.
Сондай-ақ даңқты спортшымен қоштасу рәсімі пандемияға байланысты өз туған-туыстары, жақын-жамағайы ортасында жабық режимде өтетінін де ескертті.
«Қауіпсіздік талаптарын ескере отырып, марқұмның асы еліміздегі коронавирусқа қатысты жағдай оң шешімін тапқаннан кейін ғана өткізіледі», - деп хабарлады Алматы облысының әкімдігі.
Zakon.kz