Хоккей. «Сарыарқа» финалға шықты
Қарағандылық хоккейшілер Ресейдiң «Торос» командасын тағы да жеңді.
Жоғары хоккей лигасының Братина Кубогы жолындағы жарыста қазақстандық «Сарыарқа» клубы жартылай финалдың төртiншi матчында жеңiске жетiп, ақтық сынға жолдама алды.
Қарағандыда Ресейдiң «Торос» командасын қабылдаған олар 2:0 есебiмен басым түстi. Екiншi кезеңде Дмитрий Громов есеп ашса, Константин Макаров үшiншi кезеңде нәтижені еселей түстi.
Ақтық додада олар Молот-Прикамье - Рубин жұбының жеңiмпазымен кездеспек.
Айта кетейiк, «Сарыарқа» клубы қатарынан екiншi жыл финалға шығып отыр. 2013 жылғы маусымның ақтық сынында осы «Торос» командасына есе жіберіп алған еді.