Хоккей. Қазақстан - Латвия
Хоккейден Қазақстан құрамасының бас бапкері Ари-Пекка Селин Беларусь құрамасымен өткен кездесуден кейін баспасөз маслихатында шәкірттерінің жеңілу себебіне тоқталды. Естеріңізде болса, кеше, мамырдың 11-і күні Қазақстан құрамасы айдын иелері – Беларусь құрамасынан 4:1 есебімен ұтылды.
«Алаң иелері мықты ойын көрсетті. Өз мүмкіндіктерін қалт жібермей, Еремеев қорғаған қақпаны 4 рет дәл көздей білді. Есесіне біздің құрама көп шабуылдағанымен шайба қақпа сыртынан қайтып жатты. Біз көп қателікке бой алдырдық. Негізгі бестіктің шаршап қалуы шабуылды шапшаң ұйымдастыруға мүмкіндік бермеді», деді бас бапкер.
«Латвия құрамасы өте жақсы қарсылас. Бұл құраманың бірқатар ойыншыларын «Барыстың» ҚХЛ аясында өткізген ойындарынан танимын. Бұл кездесуге тынығып, жаңа күшпен шығамыз», деп қорытындылады Ари-Пекка Селин.
Естеріңізге сала кетейік, 13-ші мамыр күні Қазақстан құрамасы Минскіде өтіп жатқан Әлем біріншілігінде үшінші кездесуін Латвия құрамасына қарсы өткізеді. «KAZsport» телеарнасы ойынды тікелей эфирде назарларыңызға ұсынады. Басталуы Астана уақытымен 23:35-те.