Әлемдік рейтингтің бірінші жүздігінің теннисшілері ATP 250 «Astana Open» турнирінде Нұр-Сұлтан қаласында жиналады

Қазақстан тарихындағы алғашқы ATP турнирі әлемдік рейтингтің үздік 100 ойыншысын Нұр-Сұлтан қаласында біріктіреді. Биылғы жылы жарыс кестесі қатты түзетілді, әдеттегі кестенің жартысы ғана ойнатылды, турнирлердің кейбір бөлігі тоқтатылды, сондықтан турнирге қатысатын қазақстандық ойыншылар үшін - ПТР тесттерін жиі тапсыру, ұшу және оқшауланудың салдарынан туыңдаған қолайсыздықтарға шыдау керектігіне қарамастан, қосымша ұпай жинауға жаксы мүмкіндік болып тур.

«Турнир қатысушылардың географиясы – Жапониядан Австралияға дейін және АҚШ-тан Қазақстанға дейін. Біз Бенуа Пэр, Фернандо Вердаско, Ришар Гаске, Джилл Симон, Фрэнсис Тиафон деген ойыншыларды күтеміз, бұл есімдер бәріне белгілі. Бізге көптеген өсіп келе жатқан жұлдыздар келеді: Джон Миллман, Миомир Кецманович, біздің Александр Бублик. Қызықты әрі тартысты матчтар болады деп ойлаймын», - деп, Қазақстан теннис федерациясының Вице-президенті Юрий Польский, айтады.

Нұр-Сұлтан қаласындағы турнир уақытша лицензия алды, 26 қазан мен 1 қараша аралығында өтеді және өте қысқа мерзімде дайындалып жатыр.

«Ұйымдастыруға уақыт шектеулі болды, бірнеше айдың орнына командада бірнеше апта болды. Бақытымызға орай, Қазақстан теннис Федерациясының әріптестеріміздің ауқымды іс-шараларды ұйымдастыруда тәжірибелері бар, сондықтан пандемияға байланысты жанкүйерлерді қарсы алуға мүмкіндігіміз болмаса да, бірлескен күш-жігерімізбен ойыншылар мен теннис қоғамдастығы үшін есте қаларлық оқиға өткізе алатынымызға сенімдімін», - турнир директоры Аттила Рихтер дейді.

Турнир матчтарын онлайн режимінде бақылауға болады, шетелдік хабар тарату «Eurosport» арнасы арқылы өтеді, қазақстандық көрермендер үшін трансляция «QAZSPORT» телеарнасында және онлайн-трансляция арқылы қолжетімді болады.

«Коронавирустық пандемия өмірдің барлық салаларына әкелген қиындықтарға қарамастан, біз үлкен спорттың біртіндеп бұрынғы бағытына оралғанына өте қуаныштымыз. «QAZSPORT» телеарнасы, Қазақстан теннис Федерациясының стратегиялық ақпараттық серіктесі ретінде, қазақстандық және шетелдік теннисшілердің матчтарын сапалы көрсетілуіне барлық күш-жігерін салады», - деп, АҚ РТРК «Қазақстан» «QAZSPORT» телеарнасының директоры Нағи Бақытбеков айтады.

Танымал жаңалықтар

Соңғы жаңалықтар

  • Жаңалықтар
  • Күрес
Ержет Жарлықасын - Азия чемпионы
  • Жаңалықтар
Азия Жамбы Ату федерациясының алғашқы конференциясы өтті
Тоқтарбек Айдарбек сурдо дзюдодан әлем чемпионы атанды
  • Жаңалықтар
Астанада жастар арасындағы Азия чемпионаты өтеді
  • Жаңалықтар
Түркістанда сурдо дзюдодан әлем чемпионаты басталды
  • Жаңалықтар
  • Күрес
Азамат Дәулетбеков үш дүркін Азия чемпионы атанды
Ризабек Айтмұхан - Азия чемпионатының күміс жүлдегері
Арқaн тартыстан тұңғыш ел чемпионаты аяқталды
  • Жаңалықтар
  • Футбол
QFL атауы ҚКФЛ-ды ауыстырады: отандық футболда қандай өзгерістер болады?
  • Жаңалықтар
  • Футбол
Қостанайлық «Тобыл» Қазақстан Суперкубогының иегері
  • Жаңалықтар
Астана қаласында V дүниежүзілік көшпенділер ойындарына іріктеу жарысының орталық аймақтық кезеңі өтті
  • Жаңалықтар
Александр Бублик АТР 250 турнирінің жеңімпазы болды
  • Жаңалықтар
  • Бокс
Қазақстан бокс федерациясына жаңа басшы сайланды
  • Жаңалықтар
Елімізде «Арқан Тартыс» федерациясы жұмысын бастады
  • Жаңалықтар
  • Футбол
Италия Суперкубогының ойындары «Qazsport» телеарнасының тікелей эфирінде
  • Жаңалықтар
Елена Рыбакина WTA 500 турнирінің жартылай финалына жолдама алды
  • Жаңалықтар
Түркістан облысы көш бастады: ұлттық спорт бойынша аймақтардың рейтингі шықты
  • Жаңалықтар
Рапид және Блицтен Әлем Чемпионаты
  • Жаңалықтар
Алматыда дзюдодан халықаралық «Jenys Cup» турнирі өтеді
  • Жаңалықтар
  • Футбол
«Qazsport» телеарнасы футболдан Словения және Сербия чемпионаттарының ойындарын тікелей эфирде көрсетеді