ATP 250 Astana open турнирінің ресми жеребе тарту рәсімі өтті

Пэр Astana Open турниріндегі рейтінгі жоғары спортшылардың көшін бастады.

Француз Бенуа Пэр, Сербиядан келген жас теннисші, жасөспірімдер арасындағы әлем чемпионы Миомир Кечманович, Францияның тағы бір өкілі Адриан Маннарино және австралиялық Джон Миллман Нұр-Сұлтан қаласының Ұлттық теннис орталығында «хард»  жабындысы төселген жабық корттарда өтетін ATP 250 Astana Open турнирінде ең үздік теннисшілер төрттігі атанды.

АҚШ-тан келген Теннис Сандгрен, команда саңлағы Александр Бублик, америкалық Томми Пол және австралиялық Томпсон Джордан инаугурациялық іс-шарада қалған үздік ракетка шеберлерінің қатарына қосылады.

Жеребе нәтижесімен, Оклендтегі жылдың жалғыз финалына жеткен және осы жылы турдағы нәтижелерін жақсартуға ұмтылған Француз Бенуа Пэру бірінші жартылықтың бірінші ширегінде АҚШ теннисшісі Джордан Томпсонмен кездеседі.

Биыл АҚШ ашық чемпионатының (US Open) үшінші айналымында ең үздік нәтижесін көрсеткен Адриан Маннарино алаң иесі, жергілікті жанкүйердің сенімін арқалаған Александр Бубликпен шеберлік байқасады.

Австралия ашық чемпионатының үшінші айналымында (Australian Open) 5-сетте 6 дүркін жеңімпаз Роджер Федерерді тай-брейкке шығарған австралиялық Джон Миллман екінші жартылықтың үшінші ширегінде америкалық Томми Полмен ойнайды.

Китц­бюэльде турнир деңгейіндегі алғашқы жүлдесіне қол жеткізген және осы нәтижесімен биылғы қыркүйек айында ATP FedEx рейтингінде 39-шы орынға көтерілген Сербиялық Миомир Кечманович соңғы ширекте Теннис Сандгренмен күш сынасады.

Алғашқы төрт үздік теннисші келесі айналымға тікелей жолдама алатындықтан, жанкүйер назары кездесулерін дүйсенбі күні бастайтын келесі төрттіктің ойынында болатыны анық.

Дэвис кубогында Ұлттық құрама намысын қорғаған қазақстандық  Михаил Кукушкинге жеребе нәтижесімен аргентиналық Федерико Дельбонис қарсылас атанды. Бұл жұптың жеңімпазы Пэрмен кездеседі.

Жекелей сында ел намысын қорғайтын, алаң иелерінің көшбасшысы Александр Бубликтің алғашқы ойыны аса тартысты болады деп күтілуде. Оның қарсыласы америкалық Маккензи Макдональд. Бұл кездесудің жеңімпазы уайлд-карта иегері Андреасом Сеппи мен іріктеуден өткен теннисші арасындағы кездесуде жеңімпаз атанған спортшымен бағын сынайды.

Уайлд-карта иегері, қазақстандық Дмитрий Попко молдаван Раду Алботпен ойнап, жұп жеңімпазы Томми Полом мен италиялық Стефано Травалья арасындағы ойынның үздігімен ойнайды.

Жастар арасында әлімнің бірінші ракеткасы болған, уайлд-карта иегері, қазақстандық  Тимофей Скатов іріктеуден өткен теннисшінің бірімен шеберлік байқасады. Айта кету керек Тимофей үшін бұл турнир ATP сериясының негізгі кестесіндегі алғашқы тәжірибесі.  Жеңімпаз Джорданом Томпсон мен ағылшын Кэмерон Норри жұбының үздігімен кортқа шығады. 

Биылғы жылы табысты болған американдық  Фрэнсис Тьяфу француз  Корентин  Мутемен бабын сынап, кездесу жеңімпазы 1/8 финалда Миомир Кечмановичке қарсылас атанады.

Жарақатынан кейін сапқа қосылған Теннис Сандгрен Пунадағы ATP турнирінің жеңімпазы Жири Веселамен кездеседі, бұл кездесу осы турнирдің тағы бір татртысты кездесуі болады деп күтілуде.  Төменде іріктелгендердің тізімі ұсынылады: Бенуа Пэр - Франция (27), Миомир Кечманович - Сербия (39), Адриан Маннарино - Франция (41), Джон Миллман - Австралия (44­), Теннис Сандгрен - АҚШ (48), Александр Бублик - Қазақстан (49), Томми Пол – АҚШ (59), Томпсон Джордан - Австралия (60).


ktf.kz

Танымал жаңалықтар

Соңғы жаңалықтар

  • Жаңалықтар
  • Күрес
Ержет Жарлықасын - Азия чемпионы
  • Жаңалықтар
Азия Жамбы Ату федерациясының алғашқы конференциясы өтті
Тоқтарбек Айдарбек сурдо дзюдодан әлем чемпионы атанды
  • Жаңалықтар
Астанада жастар арасындағы Азия чемпионаты өтеді
  • Жаңалықтар
Түркістанда сурдо дзюдодан әлем чемпионаты басталды
  • Жаңалықтар
  • Күрес
Азамат Дәулетбеков үш дүркін Азия чемпионы атанды
Ризабек Айтмұхан - Азия чемпионатының күміс жүлдегері
Арқaн тартыстан тұңғыш ел чемпионаты аяқталды
  • Жаңалықтар
  • Футбол
QFL атауы ҚКФЛ-ды ауыстырады: отандық футболда қандай өзгерістер болады?
  • Жаңалықтар
  • Футбол
Қостанайлық «Тобыл» Қазақстан Суперкубогының иегері
  • Жаңалықтар
Астана қаласында V дүниежүзілік көшпенділер ойындарына іріктеу жарысының орталық аймақтық кезеңі өтті
  • Жаңалықтар
Александр Бублик АТР 250 турнирінің жеңімпазы болды
  • Жаңалықтар
  • Бокс
Қазақстан бокс федерациясына жаңа басшы сайланды
  • Жаңалықтар
Елімізде «Арқан Тартыс» федерациясы жұмысын бастады
  • Жаңалықтар
  • Футбол
Италия Суперкубогының ойындары «Qazsport» телеарнасының тікелей эфирінде
  • Жаңалықтар
Елена Рыбакина WTA 500 турнирінің жартылай финалына жолдама алды
  • Жаңалықтар
Түркістан облысы көш бастады: ұлттық спорт бойынша аймақтардың рейтингі шықты
  • Жаңалықтар
Рапид және Блицтен Әлем Чемпионаты
  • Жаңалықтар
Алматыда дзюдодан халықаралық «Jenys Cup» турнирі өтеді
  • Жаңалықтар
  • Футбол
«Qazsport» телеарнасы футболдан Словения және Сербия чемпионаттарының ойындарын тікелей эфирде көрсетеді