Қазақстан-Ресей құрамаларының кездесуінде қақпаны қорғау міндеті Ивановқа жүктелді
Минск айдынында Қазақстан құрамасының қақпашысы ретінде Алексей Иванов алғаш рет шығады. Еремеев бұл кездесуде екінші, қосалқы қақпашы ретінде ойнамақ. Бұдан басқа, бестік құрамдарға да өзгертулер енгізілді.
Бірінші бестік: Роман Старченко - Николай Антропов – Евгений Рымарев; Евгений Блохин - Кевин Даллмэн;
Екінші бестік: Константин Пушкарев – Дмитрий Уппер - Константин Романов; Антон Казанцев - Максим Семенов;
Үшінші бестік: Талғат Жайлауов, Федор Полищук, Вадим Краснослободцев; Алексей Литвиненко - Роман Савченко;
Төртінші бестік: Михаил Паньшин - Андрей Спиридонов - Андрей Гаврилин; Артемий Лакиза - Алексей Васильченко.
Қақпашылар: Алексей Иванов, Виталий Еремеев.
Естеріңізге сала кетейік, бүгін «Минск-Арена» кешенінде болатын Қазақстан-Ресей кездесуін, «KAZsport» телеарнасы тікелей эфирде назарларыңызға ұсынады. Ойынның басталуы Астана уақытымен 23:45-те.
vesti.kz