«Барыстың» қарсыласы – «Салават Юлаев»
Құрлықтық хоккей лигасының екінші айналымына шыққан астаналық «Барыстың» қарсыласы анықталды. Ол – «Салават Юлаев» командасы. Уфалық команда Нижний Новгород қаласының «Торпедосын» жарыстан шығарып тастады.
Уфада өткен жетінші әрі шешуші ойын 2:1 (0:0, 2:1, 0:0) есебімен айдын иелерінің пайдасына шешілді. Бұл матчтан кейін «Салават Юлаев» серияда 4:3 есебімен жеңіске жетті.
«Барыс» пен «Салават Юлаев» командалары арасындағы бірінші матч 21 наурызда Астанада өтеді. Бұған дейін, «Барыс» екатеринбургтік «Автомобилист» командасын төрт кездесуде ұтқан болатын.