Қазақстандық хоккейшілер тағы да жеңіске жете алмады
Минкскіде өтіп жатқан шайбалы хоккейден Әлем чемпионатында Қазақстан Ұлттық құрамасы топтық кезеңдегі бесінші кездесуде жеңіске жете алмады.
Бірінші кезеңде Роман Старченко есеп ашып, жерлестеріміз алға шықты. Алайда үзіліске дейін Крейг Смит таразы басын теңестірді.
Екінші кезеңде Константин Романов жерлестерімізді тағы да алға шығарды. Алайда көп ұзамай Сет Джонс есепті теңестірсе, Мэтт Доновован өз командасын алға шығарды.
Шешуші кезеңде Роман Старченко тағы бір мәрте көзге түсіп, ойынның негізгі бөлігі 3:3 есебімен аяқталды.
Ал овертаймда АҚШ хоккейшілерінің жолы болды. Қорытынды есеп 3:4.
Айта кетейік, бұл ойынды KAZsport телеарнасы тікелей эфирде көрсетті. Қазақстандық хоккейшілердің келесі қарсыласы – Швейцария.