«QAZSPORT» телеарнасы «Үйдегі комментатор» жобасын жариялайды

«Қазақстан» республикалық телерадиокорпорациясы «QAZSPORT» телеарнасы «Үйдегі комментатор» жобасын жариялады. Жобаға қатысушылар «QAZSPORT» телеарнасының трансляцияларын үйде отырып жүргізіп, видеоларын әлеуметтік желіге #ҮйдегіКомментатор хэштэгімен жүктеуі қажет.

Ең үздік бейнежазбалардың авторлары телеарна өткізетін комментаторлардың кастингіне қатысуға мүмкіндік алады.

«Мұндағы мақсатымыз – комментаторлардың резервін жасақтау. Телеарна мамандарынан құрылған арнайы комиссияның іріктеуімен үздік қатысушылар резервке алынып, комментаторлар кастингіне шақырылады. Қазіргі уақытта «QAZSPORT» арнасында тікелей эфирде хоккейден Қазақстан Кубогы сайыстары, Құрлықтық хоккей лигасының матчтары, футзалдан Қазақстан чемпионаты өтуде. Бұл - жобаға қатысушылар үшін үлкен мүмкіндік. Біздің мақсатымыз – тек футбол емес, спорттың әр түрінен комментаторлар резервін құру», - дейді «QAZSPORT» телеарнасының директоры Нағи Бақытбеков.

Басқа да спорт түрлерін жүргізу бойынша бақ сынағысы келетіндер Qazsporttv.kz ресми сайты мен You Tube желісіндегі арнадан өткен трансляциялардың мұрағатын пайдалана алады.

Жобаға 18 жастан жоғары үміткерлер қатыса алады. Қосымша байланыс нөмірі: 8(717) 2 31-75-42.


Танымал жаңалықтар

Соңғы жаңалықтар

World boxing cup: Қазақстан әйелдер құрамасының қарсыластары анықталды
World boxing cup: Қазақстан ерлер құрамасының қарсыластары кімдер?
Қазақстандық балуандар Азия чемпионатында 13 алтын медаль жеңіп алды
Бейбіт Жукаев алғаш рет «Үлкен дулыға» турнирінің негізгі кезеңіне шықты
Бахтиер Зайнутдинов Ресей Премьер-лигасына қайта оралуы мүмкін
Криштиану Роналду «Аль-Насрмен» жаңа келісімшартқа қол қояды
Әбиба Әбужақынова IJF рейтінгісінде 2-орынға көтерілді
Ислам Чесноков шотландияның «Хартс» клубына ауысуға жақын
Астана қаласында ауыр атлетикадан Азия чемпионаты өтеді
Жайдар Мұқат Азия чемпионатында алтын медаль иеленді
Дзюдодан әскерилер арасында әлем чемпионатында қазақстандық қос балуан қола медаль жеңіп алды
Поль Погба футболға қайта оралды
«Qazsport» телеарнасының директоры Нағи Бақытбек «Құрмет» орденімен марапатталды
Ресми: Артур Шушеначев «Ақтөбе» ойыншысы атанды
Кристина Овчинникова Польшадағы турнирде күміс жүлдеге ие болды
Көркем гимнастикадан жасөспірімдер арасындағы тұңғыш әлем чемпионы Ақмарал Ерекешева елге оралды
Талғарда KFF Academy by International Airport ғимаратының құрылысы басталды
Александр Бублик ATP 500 турнирінің чемпионы атанды
Ақмарал Ерекешева Әлем чемпионатында екі бірдей медаль еншіледі
Зарина Дияс Испаниядағы турнирде топ жарды