Қазақстандық хоккейшілер соңғы кездесуде де ұпай ала алмады
Минскіде өтіп жатқан шайбалы хоккейден Әлем чемпионатында Қазақстан Ұлттық құрамасы топтық кезеңдегі соңғы ойынын Финляндиямен өткізді. Өкінішке қарай, Ари-Пекка Селин шәкірттері бұл кездесуде де жеңіске жете алмады.
Бірінші кезеңнің 7-ші минутында Олли Палоло есеп ашты. Араға 7 минут салып Евгений Рымарев есепті теңестірсе, 13 секундтан кейін ойыншылар басымдығын ұтымды пайдаланған Федор Полищук біздің құраманы алға шығарды. Дегенмен алғашқы кезеңнің аяқталуына 42 секунд қалғанда фин шабуылшысы Йори Лехтери таразы басын теңестірді.
Екінші кезең финляндиялық хоккейшілердің басымдылығымен өтті. Йокинен өз командасын екінші рет алға шығарды. Яркко Иммонен екінші кезеңнің аяқталуына санаулы секундтар қалғанда тағы бір шайба салды.
Үшінші кезеңде қазақстандықтар есепті қысқартты. Қорытынды есеп 3:4.