«Тре Крунур» үшінші орынға ие болды
Минскіде өтіп жатқан шайбалы хоккейден Әлем чемпионатында Швеция құрамасы үшінші орын үшін болған матчта Чехия құрамасынан басым түсті.
Швед хоккейшілерінің үстемдігімен өткен ойын 3:0 есебімен аяқталды. Бірінші кезеңде Юаким Линдстрем мен Симон Яльмарссон мергендік танытты. Микаэль Баклунд шешуші кезеңде тағы бір шайба салды.
Бұл жеңістен кейін швед хоккейшілері қола медальға ие болса, чехтар жүлдесіз қалды. Айта кетейік, өткен жылы Швеция құрамасы құрлық біріншілігінде топ жарған еді.
Биылғы чемпионаттың финалында Финляндия мен Ресей кездеседі. Матч Астана уақытымен 23:55-те басталады. «KAZsport» телеарнасы шешуші ойынды тікелей эфирде көрсете