«Қазцинк-Торпедо» командасының екі шабуылшысы «Адмирал» клубына ауысуы мүмкін
Өскемендік «Қазцинк-Торпедо» командасының екі шабуылшысы Құрлықтық хоккей лигасында ойнайтын ресейлік «Адмирал» клубына ауысуы мүмкін.
«Адмирал» командасымен Александр Волжанкин мен Владимир Жмаев уақытша келісімшартқа отырды. Егер өскемендік клубтың хоккейшілері сынақтан сүрінбей өтсе, келесі маусымда Владивосток командасының намысын қорғайды.
Өткен жылы «Адмирал» алғаш рет Құрлықтық хоккей лигасына қатысып, Шығыс конференциясында 8-ші орынға ие болды.
Владимир Жмаев – қазақстандық хоккейші. Ол өткен маусымда «Қазцинк-Торпедо» сапында 20 матч өткізіп, 8 (5+3) ұпай жинаған. Ал ресейлік Александр Волжанкин нәтижесі 21 (8+3) ұпай. Ол мұзайдынға 53 рет шыққан.