«Qazaqstan» және «QAZSPORT» арналары УЕФА Чемпиондар Лигасының финалын тікелей эфирде көрсетеді
Футболдан УЕФА Чемпиондар Лигасының финалында ағылшындық екі команда «Манчестер Сити» мен «Челси» клубтары кездеседі.
Маусымның басты матчы Португалияның Порту қаласындағы «Драгау» стадионында өтеді. Стадионға тек көрермендердің 30% ғана кіре алады. Ойынға испаниялық Антонио Матеу Лаос бастаған тәжірибелі мамандар төрелік етеді.
«Манчестер Сити» Чемпиондар Лигасын әлі жеңіп көрмеген. Хосеп Гвардиола баптайтын клуб биыл ағылшын премьер-лигасында топ жарып қойды.
«Челси» бұл кубокты тоғыз жыл бұрын иеленген болатын. Биылғы маусымға тыңғылықты дайындалып, жаңа ойыншылармен толыққан команда, енді көптен күткен жүлдені алғысы келеді.
Ендеше, жыл бойы көрермен асыға күтетін ойынды «Qazaqstan» ұлттық арнасы және «QAZSPORT» телеарнасынан 29 мамыр сағат 00:50-де тікелей эфирде көре аласыздар.