«QAZSPORT» ТЕЛЕАРНАСЫ XVI ПАРАЛИМПИАДА ОЙЫНДАРЫН ТІКЕЛЕЙ ЭФИРДЕ КӨРСЕТЕДІ
24 тамыз бен 5 қыркүйек аралығында Токиода өтетін XVI Паралимпиада ойындарын «Qazsport» телеарнасы тікелей эфирде көрсетеді. Паралимпиадаға Қазақстан атынан 7 спорт түрі бойынша 26 спортшы қатысады. Жолдамалардың жетеуі – суда жүзуден, жетеуі – дзюдодан, бесеуі – пауэрлифтингтен, үшеуі – таеквондодан, екеуі – жеңіл атлетикадан, екеуі - каноэде ескек есу мен нысана көздеу.
Пара жүзу - Сиязбек Далиев, Нұрәли Советханов, Зүлфия Ғабидулина, Роман Агалаков, Әлия Рахымбекова, Нұрдәулет Жұмағали, Ержан Сәлімгереев;
Пара дзюдо - Аманжол Жанбота, Зарина Байбатина, Дәулет Теміржан, Даяна Федосова, Ануар Сариев, Ғалымжан Смағұлұлы, Ерлан Утепов;
Пара пауэрлифтинг - Давид Дегтерев, Раушан Қойшыбаева, Рахмеджан Хамаев, Гүлбану Абдыхалыкова, Алина Солодухина;
Пара таеквондо – Нұрлан Домбаев, Нышан Өмірәлі, Кәмила Досмалова;
Пара жеңіл атлетика - Дастан Мұқашбеков, Салтанат Әбілхасымқызы;
Пара каноэ – Спатай Бибарыс;
Пара нысына көздеу – Айсұлу Жұмабаева.
Жапония ұлттық стадионында өтетін салтанатты ашылу рәсімінде еліміздің Туын таеквондодан екі дүркін Әлем чемпионы, үш дүркін Азия чемпионы, Еуропа чемпионатының үш дүркін жеңімпазы Нұрлан Домбаев пен пауэрлифтингтен Рио Паралимпиадасының күміс жүлдегері Раушан Қойшыбаева ұстайды. Ашылу салтанаты Нұр-Сұлтан уақытымен 24 тамыз 17:00-де тікелей эфирде көрсетіледі.
XVI Паралимпиада ойындарында жалпы саны 136 мемлекеттен 4400-ге жуық спортшы 22 спорт түрінен сынға түседі.
«Qazsport» телеарнасы қазақстандық паралимпиадашылар қатысатын жарыс түрлерін тікелей эфирде таратады. Жарыстар телеарнаның https://qazsporttv.kz/ ресми сайты арқылы да көрсетіледі.