Словакия құрамасының қақпашысы «Барыс» клубына ауысады
Словакия құрамасы мен украиналық «Донбасс» клубының қақпашысы Ян Лацо спорттық карьерасын қазақстандық «Барыс» клубында жалғастырады.
Лацо өткен маусымда Құрлықтың хоккей лигасының негізгі кезеңінде 14 ойын өткізіп, орта есеппен әр ойында 1,49 шайбаны қақпасына жіберген және қақпаға бағытталған соққының 94,2 пайызын қайтарған.
Плей-офф кезеңінде 8 ойын өткізген. Орта есеппен әр матчта 1,71 шайба жіберіп, қақпаға бағытталған соққының 93,4 пайызына тосқауыл қойған.
Айта кетейік, қақпашының «Донбасс» клубымен келісімшарты бір жылға тоқтатылады.