«Астана» футбол клубына трансферлік бан қойылды
Енді елордалық клуб алдағы үш трансферлік кезеңде ойыншыларды тіркей алмайды. Себебі «Астана» клубы румыниялық жартылай қорғаушы Дорин Ротариудің жалақысын бермеген.
Сол себепті румыниялық ФИФА-ға шағымданған көрінеді. Шағымға үн қатқан құзіретті орган «Астана» футбол клубын қаржылай компенсация төлеуге міндеттеп, клубтың ойыншылар тіркеу құқығын шектеп отыр.