Бес боксшымыз Әлем чемпионатының жартылай финалында

Жаһандық доданың 9 күнінде шаршы алаңға 10 боксшымыз шықты. Оның бесеуі жартылай финалға өтіп, қазірдің өзінде кемі қола жүлдеге ілігіп тұр. Толығырақ баяндай кетсек.

Күндізгі сессияның шымылдығын Теміртас Жүсіпов түрді. Ең жеңіл салмақты және ең тәжірибелі Қайрат Сатжановтың шәкірті екі дүркін Азия чемпионы өзбекстандық Нодиржон Мирзахметовпен кездесті. Үш раунд нәтижесінде отандасымыз 5:0 есебімен жеңіске жетті. Теміртастың келесі қарсыласы белоруссиялық Евгений Кармильчик.

Теміртастың ізін ары қарай 54 келіде Махмуд Сабырхан жалғады. Бразилиялық боксшымен кездескен отандасымыз 5:0 есебімен жеңді. Келесі қарсыласы үндістандық Акаш Кумар.

Үшінші болып шаршы алаңға шыққан Саматәлі Төлтаев француз Софьян Умиаға жол берді. Қорытынды есеп - 1:4

Жеңілістен кейін көрерменді серпілткен құрама капитаны Абылайхан Жүсіпов. 67 келіге дейінгі салмақта отандасымыз моңғол боксшысы Баатарсух Чинзорингтен басым түсті. Есеп - 5:0. Финалдық жолдама үшін капитан жапониялық Сивонрец Оказавамен қолғап түйістіреді.

Күндізгі сессия аяқталар тұста Нұрқанат Райыс жарыс жолынан шығып қалды. 75 келіге дейінгі салмақта италиялық Сальваторе Кавалларо біздің жігіттен айла асырып, 2:3 есебімен келесі кезеңге өтті.

Әлем чемпионатының кешкі сессиясында бес боксшымыз өнер көрсетті. 

Бірінші жекпе-жекте Олимпиада ойындарының қола жүлдегері Сәкен Бибосынов колумбиялық Юберхен Мартинестен басым түсті. Енді финалдық жолдама үшін Сәкен таиландтық Танарат Саенгфетпен жекпе-жекке шығады.

Екінші кездесу де ұлттық құрама үшін сәтті болды. 57 келіге дейінгі салмақта өнер көрсеткен Серік Теміржанов ерлік көрсетті. Ресейлік Эдуард Савинді жеңген ол, жартылай финалда кубалық Освей Кабалльеро Гарсиямен кездеседі.

Санатәлі Төлтаев ширек финалда сүрінді. 63,5 келіде өнер көрсеткен отандасымыз шотландиялық Рис Линчке есе жіберді. Алғашқы раундта қарсыласы басым болғанмен, Санатәлі соңғы 2 раунд бойы рингте шотландиялықты қуалап жүріп сабаған. Дегенмен, төреші Рис Линчтің қолын көтерді. Қорытынды есеп - 3:2. Бұдан кейін шаршы алаңға шыққан отандық боксшылардың барлығы жеңілді. Алдымен Асланбек Шымбергенов украиналық Юри Захариевқа есе жіберсе, Нурбек Оралбай шаршы алаң қожайыны Владимир Мирончиковқа жеңілді. 

Үшінші қараша күні боксшылар демалады. Төртінші және бесінші қараша күндері жартылай финал өтеді. Ал алтыншы қараша жаңа чемпиондардың есімін білеміз.


Танымал жаңалықтар

Соңғы жаңалықтар

Ел мерейін асқақтатқан спортшылар
Қазақстандық қыздар Азия чемпионатында бес алтын еншіледі
Қазақстан құрамасынан 14 спортшы Азия чемпионатының финалына шықты
Шавкат Рахмонов мансабындағы 19-жеңісіне қол жеткізді
Шавкат Рахмонов пен Иэн Гэрри көз түйістірді
Бокстан Азия чемпионаты «Qazsport» телеарнасына қатысы жоқ себептерге байланысты көрсетілмейтін болды
КФФ президенттігіне үміткерлердің есімдері белгілі болды
Бокс: Алуа Балқыбекова сырқатына байланысты жарысқа қатыса алмайды
Бейбарыс Жексен өзбекстандық боксшыдан басым түсті
Бокс: Оразбек Асылқұлов қарсыласын мерзімінен бұрын жеңді
Азия чемпионаты: Дулат Бекбауов ширек финалда
Шаңғы жарысы: Финляндиядағы Әлем Кубогына қатысатын ел құрамасы жасақталды
Руслан Құрбанов семсерлесуден Әлем кубогында қола медаль жеңіп алды
Қазақстандық шахматшылар Әлем чемпионатында топ жарды
Түркістанда қазақ күресінен Әлем кубогы аяқталды
Қазақстандық балуандар Оңтүстік Кореяда өткен турнирде алты жүлдеге ие болды
Түркістанда қазақ күресінен Әлем кубогы өтіп жатыр
Қазақстан құрамасы семсерлесуден қола медаль жеңіп алды
Қазақстандық шорт-трекшілер Италияда өткен турнирде екі алтын жеңіп алды
Михаил Шайдоров Қытайда мәнерлеп сырғанаудан күміс медаль жеңіп алды