БОКСТАН ӘЛЕМ ЧЕМПИОНАТЫ МӘРЕСІНЕ ЖЕТТІ
Сербия астанасы Белградта өткен Әлем чемпионаты тарих қойнауына кетті. Қазақстан құрамасы үшін сәтті өткен байрақты бәсекенің бірі болғаны сөзсіз. Ұлттық құрама жігіттері 2 алтын, 2 күміс,1 қола медаль еншілеп, жалпы командалық есепте Куба қабыландарынан кейінгі екінші орыннан көрінді. Финалдық сайыстарда төрт бірдей отандасымыз өнер көрсетті. Атап айтар болсақ: 48 және 51 келіде Теміртас Жүсіпов және Сәкен Бибосыновтар әлем чемпионы атағына ие болса, 54 және 57 келіде Махмуд Сабырхан және Серік Теміржанов күміс жүлде иелері болды. Ал қола медаль құрама капитаны Абылайхан Жүсіповтың еншісінде.
Әлем чемпионаты басталар кезде AIBA жеңімпаздар мен жүлдегерлерге арнайы ақшалай сыйақы берілетінін мәлімдеген. Әлем чемпионына 100 мың АҚЩ доллары, күміс жүлдеге 50 мың, ал қола жүлде үшін 25 мың АҚШ доллары берілді.
Турнир қортындысы бойынша үздік боксшыға берілетін Вэл Баркер кубогы әлемнің үш дүркін чемпионы Куба қабыланы Энди Круз Гоместің еншісінде кетті.