«Бейбарыс» хоккей клубының екі шабуылшысы өзге командаға ауысады
Атыраулық «Бейбарыс» хоккей клубының шабуылшысы Алдис Аболиньш карьерасын басқа клубта жалғастырады. Айта кетейік, 29 жастағы латвиялық хоккейші өткен маусымда Қазақстан чемпионатында 54 ойын өткізіп, 23 (7+16) ұпай жинады.
Сонымен қатар, Ян Макдональд бұл маусымда Қазақстан чемпионатында ойнамайтын болды. Бейбарыс» хоккей клубының бұрынғы шабуылшысы Францияның «Бриансоне» командасына ауысты. Ол өткен маусымда атыраулық команданың сапында 63 матч өткізіп, 59 (28+31) ұпай жинады.