Сәкен Бибосынов: Ендігі меже – Париж!
Әлем чемпионы Сәкен бибосынов пен ҚР Еңбек сіңірген жаттықтырушысы Мырзағали Айтжанов «Qazaqstan» арнасына эксклюзивті сұхбат берді
«Спортшылардың көбісі финалға шығуды, алтын алуды ойлап, психологиялық тұрғыда «жанып» кетеді. Жеңемін деп тырыспа, жақсы бокс, тәжірибе-тәсіліңді көрсет, рахаттанып бокстас дедім» - Мырзағали Айтжанов, жаттықтырушы
📺Бүгін Әлем чемпионы Сәкен Бибосынов «Tansholpan» бағдарламасына алдағы жоспарларымен бөлісті. Чемпион алдағы Азия ойындары, Әлем біріншілігі, 2024 жылы Парижде өтетін олимпиадада тек алтын алуды мақсат етіп отырғанын айтады. Кәсіпқой боксқа ауысу әлі жоспарында жоқ екенін жеткіздік.
Айта кетейік, Сербия астанасы Белградта өткен әлем чемпионатынан спортшыларымыз екі алтын, екі күміс және бір қола жүлдемен елге оралған болатын.