«Бейбарыс» құрамына словениялық екі хоккейші қосылды
Атыраулық «Бейбарыс» командасы шабуылшы Лука Башич пен қақпашы Матье Пинтаричпен толықты.
Өткен маусымда 24 жастағы шабуылшы Лука Башич «Астана» сапында 32 ойын өткізіп, 17 (9+8) ұпай жинаған.
Ал қақпашы Матье Пинатрич осыған дейін Швецияның бірінші дивизионындағы «Олофстрем» командасында ойнаған. 24 жастағы словениялық хоккейші 33 матч өткізіп, соққылардың 91, 2 пайызын қайтарып, орта есеппен әр ойында қақпасына 3,03 шайба өткізген.