СТИВЕН ДЖЕРРАРД "АСТОН ВИЛЛА" КЛУБЫНЫҢ БАС БАПКЕРІ АТАНДЫ
Англия ұлттық құрамасы мен «Ливерпуль» командасының экс-жартылай қорғаушысы Стивен Джерард ағылшындық «Астон Вилла» клубының бас бапкері атанды. Бұған дейін 41 жастағы маман шотландиялық «Рейнджерстің» тізгінін ұстаған.
Әзірге «Астон Вилла» АПЛ-де 11 ойында 10 ұпай жинап, 16 орынға жайғасты. Бұған дейін команданы жаттықтырған Дин Смиттің нәтижесі көңілден шықпағасын клуб жетекшілері ағылшындық маманды қызметінен босатты.
Клубтың жаңа бас бапкерімен 2,5 жылдық келісім-шарт жасалды. Стивен Джерардтың әзірге қанша жалақы алатыны құпия сақталып отыр. Дегенмен қазірдің өзінде ол клуб тарихындағы "ең көп жалақы алатын бапкер" атаныпты.
Қалай ойлайсыз, "Астон Вилланы" дағдарыстан шығара ала ма?
https://www.instagram.com/qazsport_official/