РЕСМИ: ГОЛОВКИННІҢ КЕЛЕСІ ЖЕКПЕ-ЖЕГІ БЕЛГІЛІ БОЛДЫ
Кәсіпқой бокстан IBF және IBO тұжырымдарының орта салмақтағы Әлем чемпионы Геннадий Головкин (41-1-1, 36 КО) келесі жекпе-жегін WBA Super белбеуінің иесі жапониялық Риота Муратамен (16-2, 13 КО) өткізетінін хабарлады.
Кездесу 29 желтоқсан күні Жапонияда өтеді.
«Жапонияда Big Drama. 29 желтоқсанда көріскенше", - деп жазды отандасымыз өзінің instagram парақшасында.
Естеріңізге сала кетейік, жекпе-жекте 3 тұжырымның белбеулері сарапқа салынады. Олар: Головкиннің IBF және IBO белбеулері мен Муратаның WBA Super чемпиондық белбеулері.
Сәттілік, GGG!