ҚАЗАҚСТАН - ТӘЖІКСТАН ОЙЫНЫНДА БЕЛОРУС ҚАЗЫЛАРЫ ТӨРЕШІЛІК ЕТЕДІ
Бас төреші Амин Кургхели, көмекшілері Юрий Хомчанка, Сергей Гидревич (барлығы Белоруссия елінен)
Төртінші төреші: Артем Кучин (Қазақстан)
Өз тарихында Қазақстан құрамасы Тәжікстанмен 4 мәрте кездесіп, үш кездесуде біздің құрама жеңіске жеткен, бір кездесу тең нәтижемен аяқталған.
Естеріңізге сала кетейік, Қазақстан - Тәжікстан ойыны бүгін сағат 19:00-де «Астана Арена» стадионында өтеді. Бұл Қазақстан ұлттық құрамасының 2021 жылдағы соңғы ойыны. Ойынды тікелей эфирде «Qazsport» телеарнасы көрсетеді.