Қамшыбек Қоңқабаев кәсіпқой рингке чемпиондық атақ үшін шығады

Ауыр салмақтағы қазақстандық боксшы Қамшыбек Қоңқабаев (3-0, 3КО) өзінің келесі қарсыласының есімін білді.

MTK Kazakhstan бокс кеші 11 желтоқсан күні Алматы қаласында ұйымдастырылады. Кештің басты жекпе-жегінде Қамшыбектің қарсыласы британдық боксшы Стивен Уорд (13-1, 4КО) болмақ. Қоңқабаев-Уорд WBA Gold чемпиондық белдігі үшін талас жүргізеді. 

Өзінің соңғы кездесуін қызылордалық боксшы ақпан айында ресейлік боксшы Сервер Эмурлаевті нокаутпен жеңіп, ауыр салмақта WBO Asia Pacific нұсқасы бойынша чемпион атанған. Стивен Уордқа келер болсақ, 2020 жылдың қыркүйек айында өзінің отандасы Джон Волауды (5-6, 2КО) ұпай санымен жеңгеннен кейін кәсіпқой рингке шықпаған.

Қамшыбек Қоңқабаев бүгінде Мәскеу қаласында оқу-жаттығу жиынын өткізуде. Бұл кеште Қамшыбектен бөлек басқа да қазақстандық боксшылардың кездесулері күтілуде.

Танымал жаңалықтар

Соңғы жаңалықтар

Ел мерейін асқақтатқан спортшылар
Қазақстандық қыздар Азия чемпионатында бес алтын еншіледі
Қазақстан құрамасынан 14 спортшы Азия чемпионатының финалына шықты
Шавкат Рахмонов мансабындағы 19-жеңісіне қол жеткізді
Шавкат Рахмонов пен Иэн Гэрри көз түйістірді
Бокстан Азия чемпионаты «Qazsport» телеарнасына қатысы жоқ себептерге байланысты көрсетілмейтін болды
КФФ президенттігіне үміткерлердің есімдері белгілі болды
Бокс: Алуа Балқыбекова сырқатына байланысты жарысқа қатыса алмайды
Бейбарыс Жексен өзбекстандық боксшыдан басым түсті
Бокс: Оразбек Асылқұлов қарсыласын мерзімінен бұрын жеңді
Азия чемпионаты: Дулат Бекбауов ширек финалда
Шаңғы жарысы: Финляндиядағы Әлем Кубогына қатысатын ел құрамасы жасақталды
Руслан Құрбанов семсерлесуден Әлем кубогында қола медаль жеңіп алды
Қазақстандық шахматшылар Әлем чемпионатында топ жарды
Түркістанда қазақ күресінен Әлем кубогы аяқталды
Қазақстандық балуандар Оңтүстік Кореяда өткен турнирде алты жүлдеге ие болды
Түркістанда қазақ күресінен Әлем кубогы өтіп жатыр
Қазақстан құрамасы семсерлесуден қола медаль жеңіп алды
Қазақстандық шорт-трекшілер Италияда өткен турнирде екі алтын жеңіп алды
Михаил Шайдоров Қытайда мәнерлеп сырғанаудан күміс медаль жеңіп алды