Лионоель Месси - «Алтын Доп» иегері
Агентина құрамасы және «ПСЖ» футбол клубының ойыншысы Лионель Месси өзінің спорттық спорттық мансабында жетінші мәрте «Алтын Доп» жүлдесіне қол жеткізді. Шабуылшы 2021 жылы 56 ойында 41 гол соққан. Сонымен қатар, Аргентина құрамасымен бірге «Copa America» турнирінде жеңімпаз атанды.
«Алтын Доп» жүлдесіне үміткер үздік үштік:
1. Лионель Месси (Аргентина)
2. Роберт Левандовский (Польша)
3. Жоржиньо (Италия)
«Алтын Доп» жүлдесін табыстауға бірнеше сағат қалғанда France Football журналы қосымша екі жүлде тағайындағанын хабарлады. Олар: «Ең үздік сұрмерген» және «Ең үздік клуб». Мюнхендік «Бавария» шабуылшысы Роберт Левандовский және лондондық «Челси» аталған жүлделерге ие болды.
Содан кейін дәстүрге айналған жүлделердің кезегі де келді. Әйелдер арасында «Алтын Допты» «Барселона» ойншысы Алешиа Путеллиас еншіледі.
Раймон Копа атындағы ең жас ойыншыға берілетін жүлде Педриге бұйырды. Айта кетейік, «Барселона» және Испания құрамасының ойыншысы басты жүлдеге дауыс беру нәтижесінде 30 ойыншының ішінен 24 орынға жайғасты.
Лев Яшин атындағы ең үздік қақпашы жүлдесін «ПСЖ» ойыншысы Джанлуиджи Доннарума жеңіп алды. Италия ұлттық құрамасының ойыншысы «Алтын Допқа» үміткер он ойыншының қатарына енгенін айта кетуіміз керек.