Қазақстан құрамасы Дэвис Кубогының жартылай финалына шыға алмады
Дэвис Кубогының ширек финалдық ойынында Қазақстан құрамасы Новак Джокович бастаған Сербия құрамасымен кездесіп, 1:2 есебімен жеңілді.
Алдымен Михаил Кукушкин Миомир Кецмановичті 7:6, 4:6, 7:6 есебімен жеңіп, Қазақстан құрамасына алғашқы ұпайды сыйлады.
Қазақстанның бірінші ракеткасы Александр Бублик, Сербия құрамасының көшбасшысы Новак Джоковичке 3:6, 4:6 есебімен жол берді.
Александр Недовесов пен Андрей Голубев жұбы Новак Джокович және Никола Качич жұбына 2:6, 6:2, 3:6 есебімен есе жіберіп, Қазақстан құрамасы турнирдегі жарыс жолын аяқтады.
Енді Сербия құрамасы жартылай финалда Хорватиямен кездеседі.