«Барыс» «Сочи» хоккей клубын тізе бүктірді

Құрлықтық хоккей лигасының кезекті ойын күнінде елордалық «Барыс» өз мұзайдынында «Сочиді» қабылдады. Ойын Юрий Михайлис шәкірттерінің пайдасына 5:2 есебімен аяқталды. Дегенмен матчтағы алғашқы шайбаны қонақтар соқты. Кирилл Петьков Йони Ортио күзеткен қақпаның кілтін тапты.

Әлихан Әсетов осы маусымдағы үшінші шайбасын соғып, ойындағы есепті теңестірді. Арада тағы бес минут өткен соң Роман Савченко Кирилл Савицкий мен Роман Старченконың нәтижелі пасын сәтті пайдаланып, алаң иелері 2:1 есебімен алға шықты. 

Екінші жиырма минуттық кезінде Якоб Лилья дубль авторы атанып, ойынның тағдыры шешілді. Үшінші кезеңде нәтижелі пас авторы Кирилл Савицкий «Барыстың» бесінші шайбасын соқты. Есеп 5:1. Ойынның соңғы минутында «Сочи» Янис Якстің көмегімен бір шайба соғып, ойындағы қорытынды есеп 5:2 болды. 

Осы жеңістен соң «Барыс» Шығыс конференциясында 37 ойыннан кейін 36 ұпай жинап, плей-офф аймағында келе жатқан «Амур» хоккей клубынан бір ұпайға қалып келеді. 

Келесі ойынын «Барыс» Бейжің қаласының «Куньлунь Ред Стар» командасына қарсы өткізеді. Ойын 10 желтоқсан күні сағат 19:20-да

«Барыс-Арена» спорт кешенінде өтеді. Матч «Qazsport» телеарнасының тікелей эфирінде көрсетіледі.

Танымал жаңалықтар

Соңғы жаңалықтар

Шайбалы хоккейден Қазақстан ерлер құрамасы Азия ойындарының чемпионы
Хоккей: Қазақстан әйелдер құрамасы Азия ойындарының күміс жүлдегері
Хоккей: Қазақстан әйелдер құрамасы Оңтүстік Кореядан басым түсті
Азиада-2025: Кёрлингтен Қазақстан әйелдер құрамасы қола медаль үшін таласады
Михаил Шайдоров Азия ойындарының қола жүлдегері.
Хоккей: Қазақстан әйелдер құрамасы жеңіске жетті
Азиада-2025: Биатлоннан Қазақстан ерлер құрамасы күміс медальға ие болды
Азиада-2025: Хоккейден Қазақстан ерлер құрамасы финалға шықты
Харбин-2025: Қазақстандық биатлоншы қыздар қола медальға ие болды
Азиада-2025: Кёрлингтен Қазақстан әйелдер құрамасы жартылай финалға шықты
Азиада-2025: Қазақстандық шаңғышылар қола медальге ие болды
Азиада-2025: Қазақстандық шаңғышы қыздар күміс медальге ие болды
Хоккей: Қазақстан әйелдер құрамасы Жапонияға есе жіберді
Қазақстандық Велошабандозшылар алтын мен күміс медаль жеңіп алды
Азиада-2025: Қазақстандық хоккейшілер жартылай финалға шықты
Марат Омаров УЕФА президенті Александер Чеферинмен кездесті
Вадим Куралес Азия ойындарының күміс жүлдегері
Қазақстан қоржынында үшінші алтын
Қазақстандық фристайлшылар алтынға қол жеткізді
Қазақстандық фристайлшылар қолаға қол жеткізді