Қазақстан жастар құрамасының ойыншысы «Монако» футбол клубында қаралымда жүр
Қазақстан жастар құрамасының ойыншысы Дінмұхаммед Қашкен франциялық «Монако» футбол клубының екінші командасында қаралымда жүр. Алғашқы ойынында гол соғып, көзге түскен 21 жасар ойыншы әр жылдары мадридтік «Атлетико» және «Касабланка» командаларында бағын сынап көрген. 2021 жылдың қаңтар айында чехиялық «Славия» футбол клубында болды.
Дінмұхаммед Қашкен «Астананың» тәрбиеленушісі, Қазақстанда елордалық клубтан бөлек «Қайсар» және «Ақтөбе» командаларында ойнаған.