«Қазцинк-Торпедо» мен «Сарыарқа» клубтарында шетелдік қақпашылар ойнамайды
Кеше Жоғары хоккей лигасы жаңа ереже қабылдады. Қаулыға сай 2015-2016 жылғы маусымда қазақстандық хоккей клубтарына шетелден қақпашылар алдыртуға тыйым салынды.
Естеріңізге сала кетейік, Жоғары хоккей лигасында екі қазақстандық «Қазцинк-Торпедо» (Өскемен), «Сарыарқа» (Қарағанды) клубтары сынға түседі.