Каратэден Қазақстан құрамасының нәтижесі
Алматыда каратэден сары құрлық бәсекесі өз мәресіне жетті. Азия біріншілігі ұлттық құрама үшін сәтті болды деп айтуға толықтай негіз бар. Отандастарымыз құрлықтық бәсекеде үш алтын бір күміс және үш қола жүлде еншіледі. Алдымен 50 келі салмақ дәрежесінде Мөлдір Жаңбырбай мен 55 келіде Андрей Ақтауов Азия чемпиотанының алтын жүлдесін алса. 68 келіден жоғары салмақта Софья Берульцева жапон спортшысына тартысты өткен финалда есе жіберді.Олимпиада ойындарының қатысушысы Нұрқанат Әжіқанов және Әсел Қанай құрлық додасының қола жүлдесін еншіледі.
Командалық сында Қазақстан әйелдер құрамасы кіші финалда Иранды жеңіп, қола жүлде еншілесе, ерлер құрамасы финалда Иран елінің спортшыларынан 3:1 есебімен басым түсіп командалық бәсекеде сары құрлықтың чемпионы атанды.