Дәулет Тұрлыханов Қазақстан грек-рим, еркін және әйелдер күресінің президенті болып тағайындалды
Азия күрес федерациясының президенті және UWW (United World Wrestling) бюросының мүшесі Дәулет Тұрлыханов Қазақстан грек-рим, еркін және әйелдер күресі федерациясының президенті болды.
Осыған дейін күрес федерациясының кезектен тыс конференциясында экс-президент Ерлан Қожасбай қызметінен кету туралы шешім қабылдап, вице-президент Дәулет Тұрлыхановтың кандидатурасын ұсынды. Конференцияға қатысушылардың бірауыздан қабылдаған шешімімен Дәулет Болатұлы федерация президенті болып сайланды.
Дәулет Тұрлыханов – кеңестік және қазақстандық грек-рим күресінің балуаны, КСРО-ның еңбек сіңірген спорт шебері (1989), 1995 жылғы Азия чемпионы, Сеул (1988) және Барселона (1992) Олимпиадасының күміс және қола жүлдегері.