2021 жылы спорттық мансабын аяқтаған футболшылар

Футбол - әлемдегі №1 спорт түрі екендігі белгілі. Жасыл алаңдағы футболшылардың өмірі барлығымызға қызық. Дегенмен футболшылар адам. Олардың да спорттық мансаптарын аяқтайтын уақыттары келеді. Олай болса назарларыңызға 2021 жылы үлкен спортпен қош айтысқан ойыншыларды ұсынамыз.

Нури Шахин


Өзінің бар талнантын Дортмунтық «Боруссия» футбол клубында ашқан түрік футболшысы спорттық мансабында мадридтік «Реал», «Ливерауль» сияқты топ клубтарда ойнап үлгерген. ТОП клубтардың негізгі ойыншысына айнала алмаса да аз уақыт ішінде неміс бундеслигасының жарық жұлдыздарының біріне айналып үлгерген ойыншы сол уақыттағы Юрген Клопптың командасы үшін 220 ойын өткізген. Жетістіктерінің ішінен Бундеслига және Испания Ла Лигасындағы жеңістерін айтып кетуіміз керек.

Түркия құрамасымен айтарлықтай жетістікке жеткен жоқ. Шахин спорттық мансабын 2021 жылыдың 17 қазанында аяқтады, Бүгінгі таңда «Антальяспор» футбол клубының бас бапкері.

Марио Манджукич


35-жасар шабуылшы спорттық мансабын 2021 жылдың мамыр аяғында аяқтады. Спорттық мансабы өте керемет өтті деп айтуға болады. «Бавария» (Германия), «Ювентус» (Италия) «Атлетико» (Испания) сияқты Еуропаның мықты біріншіліктерінде өнер көрсеткен Хорватия құрамасының бұрынғы ойыншысы қай жерде ойнаса да өзі өнер көрсеткен командалрда үнемі жоғары деңгейде ойнады. Неміс бундеслигасы, Испания суперкубогы, А сериясы, Италия кубогы мен суперкубогын жеңіп қана қоймай 2018 жылғы Әлем чемпионатының күміс жүлдегері. 

Класс-Ян Хунтелар

Нидерланды футболының аңыз ойыншысы «Реал», «Милан», «Аякс» футбол клубтарында ойнағанымен өмірінің көп бөлігі Гельзенкирхен қаласында өтті. Жергілігті «Шальке 04» командасы үшін 2010-2017 жылдар аралығында 175 ойын өткізіп 82 голдың авторы атанды. Сонымен қатар ұлттық құрама сапында 76 ойынға қатысып, 42 гол соқты. 2021 жылы «Шальке» Неміс бундеслигасымен қош айтысқаннан кейін Хунтелар да үлкен футболдан кетті.

Арьен Роббен


Бұл ойыншыны танымау мүмкін емес. «Челси» мен «Реал Мадрид» командаларында жолы болмағанымен мюнхендік «Баварияның» аңыз ойыншыларының бірі. Бундеслиганың 8 дүркін жеңімпазы, Герианиядағы барлық жүлдені жеңген. Оған қоса Ағылшын премьер-лигасын екі мәрте, Ла Лиганы бір рет жеңіп алған Арьен ұлттық құрама сапында 2010 жылғы Әлем чемпионатының вице-чемпионы. Спорттық мансабын Эредивизиде (Нидерланды чемпионаты) өнер көрсететін «Гронинген» футбол клубында аяқтады.

Серхио Агуэро


Серхио Агуэроның футболдан кетуі күтпеген жаңалық болды. Футболшының жүрегі сыр беріп, мансабын аяқтауға тура келді. 33-жасына дейін Ағылшын премьер-лигасының үздік ойыншыларының бірі болып үлгерген Агуэро «Манчестер Сити» командасының тарихындағы үздік сұрмерген. 2012 жылғы Куинс Парк Рейнджерс қақпасына соққан голы жанкүйерлердің есінен шыққан жоқ. Футболшы өзінің спорттық мансабын «Барселона» футбол клубында аяқтады. Одан бөлек ойыншы «Атлетико» футбол клубында ойаған.

Танымал жаңалықтар

Соңғы жаңалықтар

World boxing cup: Қазақстан әйелдер құрамасының қарсыластары анықталды
World boxing cup: Қазақстан ерлер құрамасының қарсыластары кімдер?
Қазақстандық балуандар Азия чемпионатында 13 алтын медаль жеңіп алды
Бейбіт Жукаев алғаш рет «Үлкен дулыға» турнирінің негізгі кезеңіне шықты
Бахтиер Зайнутдинов Ресей Премьер-лигасына қайта оралуы мүмкін
Криштиану Роналду «Аль-Насрмен» жаңа келісімшартқа қол қояды
Әбиба Әбужақынова IJF рейтінгісінде 2-орынға көтерілді
Ислам Чесноков шотландияның «Хартс» клубына ауысуға жақын
Астана қаласында ауыр атлетикадан Азия чемпионаты өтеді
Жайдар Мұқат Азия чемпионатында алтын медаль иеленді
Дзюдодан әскерилер арасында әлем чемпионатында қазақстандық қос балуан қола медаль жеңіп алды
Поль Погба футболға қайта оралды
«Qazsport» телеарнасының директоры Нағи Бақытбек «Құрмет» орденімен марапатталды
Ресми: Артур Шушеначев «Ақтөбе» ойыншысы атанды
Кристина Овчинникова Польшадағы турнирде күміс жүлдеге ие болды
Көркем гимнастикадан жасөспірімдер арасындағы тұңғыш әлем чемпионы Ақмарал Ерекешева елге оралды
Талғарда KFF Academy by International Airport ғимаратының құрылысы басталды
Александр Бублик ATP 500 турнирінің чемпионы атанды
Ақмарал Ерекешева Әлем чемпионатында екі бірдей медаль еншіледі
Зарина Дияс Испаниядағы турнирде топ жарды