Шорт – трекшілер лицензиялық турнирлерді толық аяқтады
Шорт-тректен Қазақстан командасы үшін Әлем кубогі кезеңдері аяқталды. Бейжің Олимпиадасына лицензия беретін бәсекеде қазақстандықтар үш медаль жеңіп алды. Қытайдағы бірінші кезеңде Әділ Ғалиахметов 1500 метрге жүгіруден күміс, Денис Никиша 500 метрге жүгіруден қола медаль иеленді. Сондай-ақ, Нагояда өткен кубоктік кезеңде де Денис жүлдегерлер қатарынан табылды.
Айта кетелік, Бейжің Олимпиадасында шорт-трекшілер бәсекесі 5-16 ақпан аралығында өтеді.