«Астана» футбол клубының жаңа спорт директоры қызметіне Мұрат Тілешев тағайындалды
Бұл жайлы «Астана» футбол клубының ресми сайты хабарлады. Ресми сайтында «Астана» футбол клубы Мұрат Әзімбекұлын «сары-көктер» қатарына қайта қосылуымен құттықтайды. Үздік бомбардир, оның білімі, біліктілігі мен тәжірибесі арқасында команданы жеңіске жетелейтініне сеніміміз мол», - делінген.
Мұрат Тілешев футболдағы мансабын «Тараз» футбол клубында бастаған. Кейіннен «Шахтер», «Ертіс», «Ақтөбе», «Ордабасы» сияқты командаларда өнер көрсетті. ӨЗінің спорттық мансабында тоғыз қазақстандық клубта өнер көрсеткен. Сонымен қатар, 2004-2007 жылдар аралығында ұлттық құрама сапында өнер көрсетіп, 8 ойында 1 соғылған голдың авторы атанған. Мансабы аяқталған соң «Шахтер», «Ақтөбе» және «Тұран» футбол клубының спорт директоры қызметін атқарған.