Жастар арасындағы Әлем чемпионаты коронавирус инфекциясының таралуына байланысты тоқтатылды
26 желтоқсан күні Канада елінде басталған жастар арасындағы Әлем чемпионаты коронавирус инфекциясының жаңа штаммы «омикрон» салдарынан тоқтатылды. Бұл жайлы Халықаралық хоккей федерациясының ресми сайты мәлімдеді.
Турнир барысында АҚШ және Чехия құрамалары карантинге жатқызылып, екі құрамаға 1:0 есебімен техникалық жеңіліс бергілген. Бүгін Ресей - Словакия ойыны өту керек еді. Алайда Ресей құрамасының ойыншылары инфекция жұқтырып, 3:0 есебімен техникалық жеңіліс тапқаны белгілі болды.
Осы орайда Халаықаралық хоккей ұйымының кеңесі турнирге қатысушылардың денсаулығын сақтау мақсатында Әлем чемпионатын тоқтатуға мәжбүр болғанын хабарлайды.