«Витязь» - «Барыс» ойыны кейінге шегерілді
Бұл жайлы ҚХЛ ресми сайты мәлімдеді. «Витязь» хоккей клубының төрт ойыншысы коронавирус инфекциясын жұқтыруына байланысты ойын кейінге шегерілді.
Лигада көптеген командалар COVID-19 инфекциясын жұқтырып жатыр, сондықтан ҚХЛ 15 қаңтардан бастап, маусымды уақытша тоқтатуға шешім қабылдады. Бұған дейін аталмыш ойын өткізіледі деп жоспарланған.
Сонымен қатар, қазақстандық клубтың алдағы екі ойыны: «Салават Юлаев» (Уфа) және «Ак Барс» (Қазан) командасымен болатын ойын да кейінге қалдырылды. Осылайша «Qazsport» телеарнасының тікелей эфиріне жоспарланған ойын көрсетілмейді.