Қазақстан - Финляндия ойыны «Qazsport» телеарнасының эфирінде

Футзалдан Нидерланд мемлекетінде Еуропа Чемпионаты жалғасуда. Бүгін В тобының ойындары Гронинген қаласында өтеді. Алдымен паркетке Италия мен Словения құрамалары кездессе, бүгінгі күнге жоспарланған екінші ойын Финдяндия және Қазақстан құрамасы арасындағы ойын.            В тобында барлық команда еншісінде бір ұпайдан бар.

Қазақстан құрамасының сапында Альберт Ақбалықов бүгінгі ойынға қызыл қағаз алуына байланысты қатыса алмайды. Есесіне Арнольд Кнауб жарақат алған Леоны алмастыру мақсатында келген Ерсұлтан Сағындықов және бас бапкер Кака құрама қатарына келіп қосылды.

Финляндия құрамасы алғашқы ойында кішігірім сенсация жасады. Екі дүркін Еуропа чемпиондары Италия құрамасымен 3:3 есебімен тең түсті. Қазақстан құрамасы бүгінгі ойында жеңіске жету үшін барын салуы тиіс. Өз кезегінде Қазақстан құрамасы да турнирдегі алғашқы ойынын тең есеппен аяқтады. Словения құрамасымен болған ойында 4:4 есебі тіркелді.

Финляндия - Қазақстан ойыны бүгін түнде Нұр-Сұлтан уақытымен 01:20-да «Qazsport» телеарнасының тікелей эфирінде тамашалай аласыздар.

Танымал жаңалықтар

Соңғы жаңалықтар

  • Дзюдо
Ерасыл Қажыбаев Qazaqstan Barysy Grand Slam турнирінің күміс жүлдегері атанды
Бақжан Байтас Qazaqstan Barysy Grand Slam турнирінде қола медальға ие болды
  • Дзюдо
Абылайхан Жұбаназар - Qazaqstan Barysy Grand Slam жарысының қола жүлдегері
Қазақстандық хоккейшілер Әлем чемпионатын жеңіспен бастады
Есет Қуанов «Grand Slam» турнирінде қола жүлдеге ие болды
Ғұсман Қырғызбаев Grand Slam Qazaqstan Barysy турнирінде күміс жүлдеге ие болды
Талғат Орынбасар Qazaqstan Barysy Grand Slam 2025 турнирінің күміс жүлдегері атанды
«Манчестер Юнайтед» Еуропа лигасының финалына шықты
Усман Дембеле енді «Алтын допқа» басты үміткер
Бекзат Алмахан мен Брэд Катона жекпе-жегі 11 мамырдағы UFC 315 турнирін ашады
Луис Энрике шәкірттері Чемпиондар Лигасының финалына шықты
«Интер» Чемпиондар лигасының финалына шықты
Әділбек Мусин халықаралық турнирде алтын медаль жеңіп алды
Дзюдодан Qazaqstan Barysy Grand Slam жарысына қатысатын Қазақстан құрамасы анықталды
«Қайрат» футзалдан Чемпиондар Лигасының күміс жүлдегері
Елордада бәйгеден Astana Cup республикалық турнирі өтті
Жәнібек Әлімханұлы әлемнің үздік 20 боксшысының қатарына енді
Сауль Альварес Уильям Скаллды жеңіп, абсолютті әлем чемпионы атанды
Ксения Прозорова ауыр атлетикадан жасөспірімдер арасында әлем чемпионы атанды
Әбиба Абужақынова Grand Slam турнирінде қола жүлдеге қол жеткізді