Анна Данилина «Australian Open» турнирінің финалына жолдама алды.
Бразилиялық Беатрис Хаддад Маямен бірге жұптық сында өнер көрсетіп жатқан отандасымыз, жапониядық жұп Сюко Аояма және Эна Шибахараны үш сетте 6:4, 5:7, 6:4 есебімен тізіе бүктіріп ақтық кезеңге жолдама алды. Ойын 2 сағат 21 минутқа созылды. Бұл Анна Данилинаның спорттық мансабындағы алғашқы «Үлкен Дуылға» турнирінің финалы болмақ. Финалда Данилина/Хаддад Майя жұбы «Australian Open» турнирінің бірінші ракеткалары чехиялық Барбара Крейчикова және Катерина Синяковамен кездеседі.
Осы жеңістен кейін Данилина жұптық рейтингте 25-ші орынға көтерілді. (28 сатыға жоғарылады) Егер турнир жеңімпазы атанып жатса, әлемдік рейтингте 15-ші сатыға жайғасады.