Қазақстандық могулшылар Олимпиада ойындарында өз өнерлерін көрсетті
Фристайл-могулдан сынға түскен Олеся Граур Олимпиада ойындарында 30 спортшының ішінен 57.18 ұпай жинап, 23-ші орын алса, Аяулым Әміренова 66.82 ұпаймен 16-шы орынға табан тіреді. Анастасия Городко жарыс барысында қателікке бой алдырып, нәтижесі есепке алынбады.
Юлия Галышева екінші іріктеу кезеңінде жарыс жолына шығатын болады. Айта кетерлігі, екінші іріктеу кезеңінде үздік нәтиже көрсеткен спортшылардың негізгі финалдық кезеңге өтуге мүмкіндігі бар.
Жарыс жолына шыққан отандастарымыз 6 ақпан күні өтетін екінші іріктеу кезеңінде бақ сынайтын болады.
Ерлер арасында жарыс жолына шыққан Павел Колмаков пен Дмитрий Рейхерд алғашқы іріктеу сындарына қатысты. Нәтижесінде Дмитрий Рейхерд 12 орынға тұрақтаса, Павел Колмаков 17 орыннан көрінді. Енді отандастарымыз 5 ақпан күні екінші іріктеу сынына қатысып, финалдық жолдама үшін таласады. Олимпиада медальдары сарапқа салынатын финалдық кезеңде 6 спортшы өнер көрсетеді.