Владислав Колесников «Қазцинк-Торпедо» клубына қайта оралды
«Барыс» хоккей клубының қорғаушысы Владислав Колесников өскемендік «Қазцинк-Торпедо» клубының сапына қосылды, деп хабарлайды Шайба.кз.
30 жастағы хоккейші Владислав Колесников өткен маусымда астаналық «Барыс» клубының сапында ҚХЛ турнирінде 12 кездесу өткізіп, бір нәтижелі пас берген. Сондай-ақ, «Номад» клубында 30 кездесу өткізіп, 11 (2+9) ұпай жинаған болатын.