Александр Бублик Монпельедегі турнирдің финалына жолдама алды
Қазақстанның бірінші ракеткасы бұл күндері Монпельедегі АТР 250 турнирінде сәтті өнер көрсетіп жатыр. Александр Бублик серб Филипп Крайиновичті 1 сағат 4 минутта 6:4, 6:2 есебімен жеңіп турнирдің финалына жолдама алды. Отандасымыздың финалдағы қарсыласы германиялық Александр Зверев пен швед Микаэль Имер арасындағы кездесуде анықталады.
Теннис турнирінің қорытындысы бойынша қазақстандық теннсші әлемдік рейтингте 31-ші орынға көтеріледі. Осыған дейін отандасымыздың ең жоғарғы орыны 34-ші орын болған.