Олимпиада ойындарындағы Қазақстан спортшыларының 5 ақпан күнгі нәтижесі
Әйелдер арасындағы 7,5 шақырымдық скиатлон жарысы:
Ксения Шалыгина 48-орын
Ангелина Шурыга 49-орын
Валерия Тюленева 51-орын
Надежда Степашкина 58-орын
Енді 8 ақпан күні спринт жарысына қатысады.
Фристайл-могулдан Дмитрий Рейхерд үздік 12 спортшының қатарына кіріп, 9-орын алды. Павел Колмаков 2-іріктеу кезеңінен өте алмады.
Шорт-тректен Қазақстан командасы аралас эстафетада 5-орын иеленді. Абзал Әжіғалиев, Денис Никиша, Ольга Тихонова және Яна Хан В финалында Нидерланд құрамасымен бәсекеде мәре сызығын екінші болып кесті. А финалында Канада құрамасы жарыстан шеттетіліп, ұлттық құрама 5-орын иеленді.
Шорт-трекші Әділ Ғалиахметов 1000 метрге қашықтықта жарыс жолын 1/4 финалда аяқтады.
Конькимен жүгіру
3000 метрлік қашықтықта Надежда Морозова 13-орында. Ол 3000 метр қашықтықта Қазақстанның үздік нәтижесінің иесі атанды. Енді Екатерина Айдова мен Надежда Морозова 7 ақпанда 1500 метрлік қашықтықта жарысқа қатысады.