Қазақстандық шаңғышылар іріктеу кезеңінен өте алмады
Бүгін Әйелдер арасындағы еркін стильдегі спринт жарысының іріктеу кезеңінде өнер көрсеткен Надежда Степашкина мәре сызығын 51-ші болып кесті.
Ангелина Шурыга 60, Ксения Шалыгина 67, ал Ирина Быкова 68-орын алып, іріктеу кезеңінен өте алмады.
Жарысты жалғастыру үшін үздік 30 спортшының қатарына енуі керек еді.
Ерлер арасында сынға түскен Виталий Пухкало мен Евгений Величко іріктеу кезеңінен өте алмады
Евгений мәре сызығына 62-ші болып келсе, Виталий 66-орын алды.
Енді спортшылар 11 ақпан күні 15 шақырымдық классикалық жарысқа қатысады.