Қазақстандық спортшылардың 9 ақпан күнгі нәтижесі
Тау шаңғысы.
Бұл сайыста Қазақстан атынан өнер көрсеткен Алексадра Троицкая мәреге жете алмай, жарыс жолын аяқтады.
Жарыстың алтын жүлдесін словакиялық Петра Влхова еншілесе, күміс жүлде австриялық Катарина Линсбергер, қола жүлде Венди Холденерге бұйырды.
Шаңғы қоссайысы
Бұл сайыста еліміздің тарихында бірінші рет Олимпиада ойындарында бақ сынаған Шыңғыс Ракпаров тұғырдан секіру кезеңінде 38-ші, шаңғы жарысында 41-орынға табан тіреді. Ал Олимпиада чемпионы неміс спортшысы Винценц Гайгер, күміс жүлдегер норвегиялық Йорген Грабаак, қола жүлде аустриялық Лукас Грайдерер еншіледі.
Шорт-трек.
Ерлер мен әйелдер 1000 және 1500 метр қашықтыққа сынға түскен жарыста ел намысын Ольга Тихонова, Әділ Ғалиахметов және Денис Никиша қорғады. Денис Никиша мен Ольга Тихонова жартылай финалға өте алмады. Денис ереже бұзғаны үшін жарыстан шеттетілсе, Ольга құлап қалып, жарыс жолын аяқтады.
Әділ Ғалиахметов А финалын жолдама алып, Олимпиада ойындарында жүлдеге таласуға мүмкіндік алды. Финалдық кезеңде Әділ 10 спортшының ішінен 8-орын алды.
Олимпиада чемпионы кореялық Хван Де Хон, күміс жүлде канадалық Стивен Дюбуа, қола жүлде ресейлік Семен Елистратовтың еншісінде